Қазақстанда жаңа дизайндағы купюралар 28 наурыздан бастап айналымға шығады

103

Фото: nationalbank.kz Ұлттық банк 2025 жылдың 28 наурызынан бастап жаңа үлгідегі 1000 теңгелік банкноттарды айналымға шығарады, - деп хабарлайды Expressnews.kz ақпарат агенттігі.


Бұл – "Сақ стилі" сериясымен шыққан төртінші жаңа банкнота. Ол қазақы ою-өрнектің түп негізі саналатын және көшпенділердің бірегей мәдениетінен бастап бүгінгі Қазақстанға дейінгі ел мұрасын бейнелейтін "Сақ стилі" элементтеріне негізделген.

Жаңа банкнотаның дизайны қандай?

Банкнотаның түсі – қоңыр және ашық қоңыр.

Банкнотаның бет жағында:

  • Көкте қалықтап ұшқан құспен "Өмір ағашының" бұтағы (Есік қорғаны, біздің заманымызға дейінгі 5-4 ғасыр, Алтын адам бас киімінің бір бөлігі, табиғат пен наным байланысының қасиетті мағынасы);
  • ДНҚ спиралін және адамның табиғатпен байланысын білдіретін ою-өрнекпен стильдендірілген шексіздік символы;
  • Артефакт – төс айыл (тартпа) элементі бұралған жыртқыш формасымен беріктік пен төзімділіктің символы ретінде (Бесоба қорғаны, біздің заманымызға дейінгі 6-4 ғасыр, Орал өңірі, Батыс Қазақстан).

Банкнотаның артқы жағында:

  • Ою-өрнекпен стильденген қалқан фонында төбет пен тазы тұқымдас иттер;
  • Дөңгелек қазақ халқының ою-өрнегі, "қалқан" бейнесі – құндылықтарды қорғау нышаны, ежелгі символ – төрт тарап, ортасындағы күн белгісі – жасампаздық энергиясы мен өмір нышаны.

Сондай-ақ банкнотаның сырт жағында артефакт, төс айыл (тартпа) элементі бұралған жыртқыш формасымен беріктік пен төзімділіктің символын (Қырық-Оба қорғаны, біздің заманымызға дейінгі 7-6 ғасыр, Батыс Қазақстан) көрсетеді. Банкнотаның ортасында фон ретінде ою-өрнек стилінде бейнеленген шексіздік символына тән Қазақстанның дала жоталары берілген

Соңғы жаңалықтар