Аудан әкімі айналма жол құрылысының сапасын бақылады

5 852
Фото: Қазалы аудан әкімдігі Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Әйтеке би кентінде жүзеге асырылып жатқан «Жанқожа батыр көшесінің айналма жолын қайта жаңғырту» жобасының құрылыс алаңына барып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты, - деп хабарлайды "Expressnews.kz" ақпарат агенттігі.
 
Қазіргі уақытта нысанда жер төсемін дайындау, қиыршық тас төсеу және су өткізу арналарына темірбетон плиталарын орнату жұмыстары толық аяқталған. Бүгінде жолдың қара шебін төсеу жұмыстары жүргізілуде. Алдағы күндері асфальт-бетон жамылғысын төсеу кезеңі басталмақ.
 
Жобаның жалпы ұзындығы 3,192 шақырымды құрайды. Құрылыс жұмыстарын «Қазалы Жолшы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Жоспарға сәйкес айналма жол құрылысы шілде айында толық аяқталып, пайдалануға беріледі.
 
Нысанды аралау барысында аудан әкімі мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс сапасын қатаң бақылауда ұстап, барлық жұмысты белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ жол құрылысы кезінде техникалық талаптар мен қауіпсіздік нормаларын сақтаудың маңыздылығына тоқталды.
 
Аталған жоба аудан орталығындағы көлік қозғалысын оңтайландырып, Жанқожа батыр көшесіне түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар тұрғындардың қауіпсіздігін арттырып, көлік қатынасының қолайлылығын жақсартуға ықпал ететін маңызды инфрақұрылымдық нысандардың бірі саналады.
 
Жалпы аудан орталығында жол-көлік инфрақұрылымын жаңғырту бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда В.Счастнов орамы, Жанқожа батыр көшесінің 3 шақырымдық бөлігі, Төремұрат жырау орамы, Ы.Жақаев және Ш.Қалдаяқов көшелерін қоса алғанда 13 көшеде ағымдағы жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде.
 
Сонымен бірге Р.Сабырбаев, С.Сейфуллин, Біржан сал, Жалаңтөс батыр, Ж.Аймауытов, М.Шоқай және С.Сүлейменов көшелеріндегі тозығы жеткен асфальт жабындарын жаңарту жұмыстары қолға алынған.
 
Жол жөндеу жұмыстарымен қатар тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру мақсатында жаяу жүргіншілер жолдарын салу жобалары да жүзеге асырылуда. Бүгінде Т.Бөріқұлақов және Жетес би көшелерінде жаңа тротуарлар салынып жатыр. Ұзындығы 2,5 шақырым болатын Т.Бөріқұлақов көшесі мен 1,6 шақырымды құрайтын Жетес би көшесінде жақын күндері асфальт төсеу жұмыстары басталады.
 
Аталған жобаларды «Ақнұр Авто» және «Айым Алтын» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жүзеге асыруда. Жүргізіліп жатқан жұмыстар аудан тұрғындарының қауіпсіз әрі қолайлы қозғалысын қамтамасыз етуге, сондай-ақ елді мекеннің келбетін жақсартуға бағытталған.

Фото: Қазалы аудан әкімдігі АУДАН ӘКІМІ ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫН БАҚЫЛАДЫ

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов аудан орталығындағы жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында жүзеге асырылып жатқан жобалардың барысымен танысты. Аудан басшысы автомобиль жолдарына жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстары мен Т.Бөріқұлақов және Жетес би көшелерінде салынып жатқан жаяу жүргіншілер жолдарының құрылыс сапасын бақылап, жауапты тұлғаларға бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Алдымен аудан әкімі Әйтеке би кентіндегі «Жанқожа батыр көшесінің айналма жолын қайта жаңғырту» жобасының құрылыс алаңына барды. Қазіргі таңда нысанда жер төсемін дайындау, тас төсеу және су өткізу арналарына темірбетон плиталарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Жалпы ұзындығы 3,192 шақырымды құрайтын жобаны «Қазалы Жолшы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асыруда.

Мердігер мекеме өкілдері құрылыс жұмыстарының белгіленген кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын айтып, айналма жолды шілде айына дейін толық аяқтап, пайдалануға беруді жоспарлап отырғандарын жеткізді.

Нысан басында аудан әкімі бұл жобаның аудан орталығындағы көлік қозғалысын оңтайландыруда ерекше маңызға ие екенін атап өтті. Атап айтқанда, айналма жол іске қосылғаннан кейін Жанқожа батыр көшесіне түсетін көлік жүктемесі азайып, жол қозғалысының қауіпсіздігі артады.

– Бұл тұрғындардың күнделікті қатынасына қолайлы жағдай жасап қана қоймай, кент ішіндегі көлік ағынын тиімді реттеуге мүмкіндік береді. Сондықтан құрылыс сапасына ерекше мән беріп, барлық жұмысты мерзімінде аяқтау қажет, – деді аудан әкімі.

Бұдан кейін аудан басшысы аудан орталығындағы көшелерге жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын көрді. Қазіргі уақытта В.Счастнов орамы, Жанқожа батыр көшесінің 3 шақырымдық бөлігі, Төремұрат жырау орамы, Ы.Жақаев және Ш.Қалдаяқов көшелерін қоса алғанда 13 көшеде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар Р.Сабырбаев, С.Сейфуллин, Біржан сал, Жалаңтөс батыр, Ж.Аймауытов, М.Шоқай және С.Сүлейменов көшелеріндегі тозығы жеткен асфальт жабындарын жаңарту жұмыстары қолға алынған.

Жол жөндеу жұмыстарының барысын саралаған аудан әкімі Әйтеке би кентінің әкіміне әрбір нысандағы жұмыстардың сапасын тұрақты бақылауда ұстап, белгіленген жұмыстарды қысқа мерзімде аяқтауды тапсырды.

Іссапар барысында аудан басшысы Т.Бөріқұлақов және Жетес би көшелерінде салынып жатқан жаяу жүргіншілер жолдарының құрылысымен де танысты. Жобаға сәйкес, Т.Бөріқұлақов көшесіндегі тротуардың ұзындығы 2,5 шақырымды құраса, Жетес би көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолы 1,6 шақырымға созылады.

Қазіргі таңда аталған жұмыстарды «Ақнұр Авто» және «Айым Алтын» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жүргізуде. Аудан әкімі жаяу жүргіншілер жолдарының тұрғындар үшін, әсіресе мектеп оқушыларының қауіпсіз жүріп-тұруын қамтамасыз етуде маңызы зор екенін атап өтті.

– Балалардың мектепке және тұрғындардың күнделікті қатынасына қауіпсіз жағдай жасау – басты міндеттердің бірі. Сондықтан құрылыс жұмыстарын сапалы әрі уақытылы аяқтау қажет, – деді аудан басшысы.

Аралау барысында аудан әкімі кент көшелеріндегі санитарлық тазалық мәселелеріне де назар аударды. Кейбір көшелер мен қоғамдық орындардағы кемшіліктерді көрсетіп, Әйтеке би кентінің әкіміне тазалық жұмыстарын күшейту, абаттандыру шараларын жүйелі түрде ұйымдастыру және анықталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жою жөнінде тапсырма берді.

Жалпы аудан орталығында жол-көлік инфрақұрылымын жаңғырту, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру және елді мекендердің көркін арттыру бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.