Аудан әкімі отан қорғаушылар күнімен құттықтады
2 896
Аудан басшысы көпшілікті мерекемен құттықтап, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан ел қауіпсіздігін сақтауға баса назар аударылғанын, еліміздің шекарасы белгіленіп, Қарулы Күштер қатары жасақталғанын атап өтті.
"Баршаңызды Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Отан қорғау – қасиетті парыз әрі мәртебелі міндет. Халқымыз антына адал, сертіне берік перзенттерін ерекше қадірлейді. Бүгінде Қазақстанның шекарасын бүтіндеп, іргесін бекіттік. Біздің алдымызда тұрған маңызды міндет – осы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтап қалу» деп атап көрсетті.
Президент тапсырмасымен бүгінде қазақ әскерінің қуаты артып, еліміздің айбынды қорғанына айналды. Бұл – батыр бабалардың даңқты жолы мен Отанға адал қызмет ету дәстүрін тоғыстыратын мейрам. Бұл күні біз Қарулы күштер ардагерлері мен сапта жүргендер сарбаздарымызға құрмет көрсетеміз. Себебі, мемлекеттің, қоғамның және әрбір азаматтың қауіпсіздігін қорғаушылар барлық марапатқа лайықты. Біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан. Қастерлі отанымызға қалтқысыз қызмет ету және оны қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы.
Батырлық пен ерліктің, шыдамдылық пен төзімділіктің, патриотизмнің мерекесі – Отан қорғаушылар күнімен баршаңызды құттықтай отырып, Сіздерге мықты денсаулық, бақыт пен татулық, әрбір шаңыраққа ырыс-береке тілеймін!
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан ел қауіпсіздігін сақтауға баса назар аударылды. Еліміздің шекарасы белгіленіп, Қарулы Күштер қатары жасақталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Отан қорғау – қасиетті парыз әрі мәртебелі міндет. Әскери борышты өтеу Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі екені анық. Халыққа қалтқысыз қызмет ету – әрбір адал азаматтың перзенттік парызы» деп атап көрсетті. Президент тапсырмасымен бүгінде қазақ әскерінің қуаты артып, еліміздің айбынды қорғанына айналды. Құрлықта да, теңізде де, әуеде де біздің сенімді қамалымыз бар. Бұл күн – ерекше мереке, біз бұл күні Ұлы Отан соғысы ардагерлері, ерлік пен батылдықтың үлгісін көрсеткен барлық қазақстандықтар, Ауғанстанның, Карабахтың отты жолдарымен өткен, Чернобыль, Семей зардаптарын жоюға қатысқан ержүрек жауынгерлер алдында тағзым етеміз. Біз Отан үшін ерлік көрсеткен батырларға әркез бас иеміз. Олардың қатарында бүгінде ортамызда отырған Ұлы Отан соғысының ардагері, Қызылорда облысының Құрметті ардагері, Сырдария ауданының Құрметі азаматы, 104 жастағы Яхия Тасыров зор құрметке бөленіп келеді. Ұлы Отан соғысы ардагеріне әрқашан құрметіміз мол.", – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Мерекелік іс-шарада аудан дамуына, ел тыныштығы үшін қызмет етіп жүрген бірқатар азамат облыс және аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
Сондай-ақ, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Жұмабек Алиев және облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, подполковник Жасұлан Шанкулов сөз сөйлеп, Ұлы Отан соғысының ардагері, Сырдария ауданының Құрметті азаматы Яхия Тасыровқа "Ардагерлер ұйымы" республикалық бірлестігінің "Құрмет белгісі" медалін табыстады. Сонымен қатар, тыл ардагерлеріне облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының "Құрмет грамотасымен" марапатталды.
Салтанатты іс-шарада ауданның көрсемөнерпаздары концерттік бағдарламаларын ұсынды.
Айта кетейік, мерекелік іс-шара барысында Ұлы Отан соғысының ардагері Я.Тасыровпен кездесу өткізіліп, патриоттық бағытта көріністер қойылып, көрмелер ұйымдастырылды.