Аудан әкімі Б.Сәрменбаевтың төрағалығымен күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары және қазіргі көрсеткіштер барысы талқыланды

1 479

Фото: Сырдария аудан әкімдігі Аудан әкімі Б.Сәрменбаевтың төрағалығымен күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары және қазіргі көрсеткіштер барысы талқыланды, -  деп хабарлайды "Expressnews.kz" ақпарат агенттігі.

Сырдария ауданында күзгі әскерге шақыру науқанының орындалу барысы талқыланды

Сырдария ауданы әкімдігінде күзгі әскерге шақыру жұмыстарының орындалу барысына арналған мәжіліс өтті. Жиынға Тереңөзек кенті мен ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ барлық тиісті мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, подполковник Жомарт Прназаров баяндама жасап, күзгі шақыру науқанының жалпы көрсеткіштері, атқарылып жатқан жұмыстар және шешуді талап ететін мәселелер туралы кеңінен ақпарат берді.

Бөлім басшысының айтуынша, бүгінгі күні аудан бойынша әскер қатарына жөнелту жұмыстары белгіленген жоспарға сәйкес жүргізілуде. Шақырылушылардың медициналық тексеруден өтуі мен әскерге жарамдылық көрсеткіштері тұрақты бақылауда.

Сонымен қатар жиында әскерге шақыру қағазын алып, шақыру пунктіне келмейтін, әскери борышын өтеуден жалтарып жүрген азаматтар мәселесі ерекше назарға алынды. Аудан әкімі бұл бағытта заң аясында қатаң шаралар қабылдауды тапсырды. Әсіресе, әскери міндеттен жалтарған азаматтарды анықтау жұмыстарын күшейту аудандық полиция бөліміне жүктелді. Учаскелік полиция инспекторларына шақырылушылар бойынша деректерді нақтылау және оларды шақыру пунктіне келтіру шараларын жүйелі ұйымдастыру міндеттелді.

Жиын барысында Тереңөзек кенті мен ауылдық округ әкімдеріне шақыру қағаздарын тұрғындарға дер кезінде және толық жеткізу, сондай-ақ медициналық тексеруден өтуін қадағалау қатаң түрде тапсырылды. Әскерге шақыру науқанының уақытында әрі сапалы орындалуы — әрбір әкімдік пен тиісті мекеменің жауапкершілігі екені атап өтілді.

Мәжіліс соңында күзгі әскерге шақыру жұмыстарын жеделдету, ұйымшылдықты арттыру және жауапты органдар арасындағы өзара байланыс пен бақылауды күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Соңғы жаңалықтар