Облыс әкімі Сырдария ауданына іс-сапармен келді

2 592
Фото: Сырдария аудан әкімдігі Жақында облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Сырдария ауданына арнайы іссапармен келді. Іс-сапар аясында аймақ басшысы Шіркейлі ауылдық округіне барып, «Мәді қажы» шаруашылығының жұмысымен және ғарыштық мониторинг жүйесінің мүмкіндіктерімен таныс­ты. Мұнда облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев, аудан әкімі Берік Сәрменбаев, шаруашылықтың басшылық құрамы егін егу маусымынының жұмысын аймақ басшысына баяндады, - деп хабарлайды "Expressnews.kz" ақпарат агенттігі.
 
Айта кетейік, жиырма екі жылдан бері өңірдің аграрлық саласын дамытуға үлес қосып келе жатқан шаруашылық негізінен егін егуге және мал басын көбейту ісін ілгері­летуге басымдық беріп келеді. Шаруа­шылықтың 9 765 гектар жерінің 3 065 гектары егістікке, 3 267 гектары жайылымға арналған. Биыл 1000 гектарға күріш, 1200 гектар алқапқа жоңышқа егілді. Бүгінде күріштің 60 пайызы суға бастырылған.
 
 
Сапар барысында аймақ басшысы диқандармен кездесіп, көк­тем­гі дала жұмыстарының жай-жап­сарын талқылады. Заманауи техно­логиялардың тиімділігіне тоқта­лып, ғарыштық мониторинг жүйесінің су үнемдеу, егіс көлемін бақылау және өнімділікті арттырудағы маңызын ерек­ше атап өтті.
 
Бүгінде ауыл шаруашылығы саласына цифрлық технологияларды енгізу – уақыт талабы. Осы ретте, ғарыштық мониторинг жүйесінің мүмкіндіктері ерекше маңызды. Бұл жүйе арқылы су ресурстарын үнемдеп пайдалану, егіс алқаптарының жай-күйін бақылау, өнімділікті арттыру және еңбек тиім­ділігін күшейту бағытында нақты нәти­желерге қол жеткізуге болады. Су тап­шылығы өзекті мәселеге айналған қазіргі кезеңде мұндай озық технологияларды енгізу – аса маңызды мін­деттердің бірі. Сырдария ауданында биыл көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Ауданда 32 мың гектардан астам жерге ауыл шаруа­шылығы дақылы егіліп, оның ішінде негізгі басымдық күріш дақылына берілген. Егісті әрта­раптандыру бағы­тында жүгері, жоңыш­қа, көкөніс және бау-бақша өнім­дерінің көлемі ұлғайтылуда. Бұл – ауыл шаруашылығы саласын нарық талабына сай дамытуға жасалған нақты қадам. Әсіресе, су үнемдеу техно­логия­ларын енгізу, жаңбырлатып суа­ру әдісін пайдалану және жерді лазер­лік тегістеу жұмыстарының қолға алынуы – агросектордағы тиімділікті арттыруға бағытталған маңызды бас­тамалар. Мұндай жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. Біз үшін ең басты мақсат – шаруалардың табысын арттыру, еңбек өнімділігін көбейту және ауыл халқының әл-ауқатын жақсарту. Диқандарымыз – елдің ырысын еселеп отырған еңбек адамдары. Көктемнің әр күнімен санасып, тынымсыз еңбек етіп жүрген шаруаларға ризашылығымды білдіремін. Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығын қолдау бағытындағы жұмыстар тұ­рақ­ты түрде жалғасады. Алдағы уа­қыт­та да өңірдің аграрлық әлеуетін арт­тыруға, заманауи технологияларды кеңі­нен енгізуге және су ресурстарын тиімді пайдалануға басымдық береміз, – деді аймақ басшысы.
 
Биыл Сырдария ауданында көк­темгі дала жұмыстары қарқынды жүр­гізілуде. Биыл ауданда 32 064 гектарға егін егілуде, оның ішінде 17 мың гектары – күріш, 142 гектары – картоп, 180 гектары – көкөніс, 368 гектары – бау-бақша. Егісті әртараптандыру бағытында 2000 гектарға жүгері егу көзделген. Жаңбырлатып суару әдісімен 150 гектарға жоңышқа себілсе, 1500 гектар жер лазермен тегістелді.