Қызылорда облысында 43 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

291

https://egemen.kz/article/207691-zhayylymdyq-dgerlerdinh-dgayy-alanhdatady Биыл Қызылорда облысындағы 60 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару жоспарланған. Бүгінгі күні соның 43 мың гектары мемлекет меншігіне қайтарылды, - деп хабарлайды "Expressnews.kz" ақпарат агенттігі.



Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, осылайша жоспардың 71,1%-ы орындалды. 

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылы 70 мың гектар жерді қайтару көзделіп, жыл соңында 77,5 мың гектар жер алынды. 2022-2024 жылдары қайтарылған 460,2 мың гектар жердің 93,6 мың гектары қайтадан айналымға енді", — делінген хабарламада.




Соңғы жаңалықтар