Аудан әкімі тұрғындарға жеке қабылдау өткізді
3 143
Жақында аудан әкімі Берік Сәрменбаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Қабылдау барысында аудан басшысы жергілікті халықтың арыз-шағымдары мен өтініштерін мұқият тыңдап, олардың сауалдарына толық жауап берді.
Қабылдауға келген азаматтар негізінен жұмыспен қамту, тұрғын үй мәселелері, ономастика және жолдардың жай-күйіне қатысты өз ұсыныстарын және пікірлерін білдірді. Бұл өзекті мәселелер бойынша аудан әкімі тиісті түсініктемелер беріп, шешім табуға бағытталған шаралар туралы баяндады.
Берік Сәрменбаев өтініш берушілердің ұсыныстарын тыңдап қана қоймай, барлық көтерілген мәселелерді бақылауға алып, оларды шешу үшін тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Аудан әкімі бұйрықтар мен заңнама талаптарына сәйкес, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған жұмыстарды жүйелі жүргізуді қатаң қадағалауға уәде берді.
Тұрғындардың мұндай кездесулері тұрақты оқиғаларға айналып, халық пен билік арасындағы байланысты нығайтып, ауданның дамуына оң әсерін тигізіп келеді.





