Еліміздің солтүстігінде Ресей азаматтарының есепшоттары бұғатталды
78
Солтүстік Қазақсан облысы аумағында тұратын Ресей азаматтарының есепшоттары бұғатталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі
"Петропавл қаласы бойынша полиция лепартаменті 7 наурызда бұғаттады. Ұзаққа па? Ешкім білмейді. Құзырлы органдар жария ете алмайтын қылмыстық іс. Тергеу жүріп жатыр. Департаментке хабарласа алғандар мұндай мәселе 2 мыңға жуық адамда бар екені туралы жауап алған. Сондықтан сізге қатысты із қозғалды деп қорқудың керегі жоқ. Бәріміз куәгер ретінде өтіп жатқан секілді", – делінген Ресейден мобилизация кезінде көшіп келгендер отыратын чаттағы хабарламада.
Жазба жарияланғанда чатта 200-ге жуық адам болған. Есепшоты бұғатталғандар арасында қазақстандықтар бар екен. Желі қолданушылары қылмыстық іс дроперлер және криптовалютамен заңсыз операция орындағандарға байланысты болуы мүмкін екенін айтады.
СҚО прокуратурасының баспасөз қызметі қылмыстық іс туралы деректі растады.





