Көпбалалы отбасыларға жәрдемақы беру тоқтатылады: Министр түсіндірді

291

Фото: freepik.com Орташа табыс деңгейінен жоғары кірісі бар көпбалалы аналар жеңілдіктерінен айырылуда, - деп хабарлайды "Expressnews.kz" ақпарат агенттігі.

 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова жағдайға қатысты пікір білдірді. 
Министрдің айтуынша, көпбалалы аналар мен отбасыларға арналған барлық конституциялық кепілдік сақталады. 

"Көпбалалы отбасыларға республикалық бюджеттен жасалатын барлық төлем бұрынғыдай жүргізіліп келеді және алдағы уақытта да жалғасады", – деді Жақыпова.


Министр "Күміс алқа", "Алтын алқа" медальдарымен, "Батыр Ана" атағымен және I және II дәрежелі аналық даңқ ордендерімен марапатталған әйелдер көпбалалы ана ретінде өмір бойы төлем алатынын атап өтті. 

Жергілікті биліктен берілетін жеңілдіктерге (тегін тамақтану немесе басқа әлеуметтік қолдау түрлері) қатысты шешімдерді жергілікті атқарушы органдар қабылдайды. 

"Жергілікті деңгейдегі әлеуметтік көмектерге қатысты мәселелер әкімдіктердің құзыретінде", – деді министр. 


Соңғы жаңалықтар