Kaspi Өзбекстанға аударымдарды іске қосты
104
Бұрын қазақстандықтар Өзбекстанға тек VISA немесе Masterсard карталарына ғана аударым жасай алатын. Енді Kaspi.kz суперқосымшасында өзбек ұлттық төлем жүйелері – Uzcard және Humo карталарына да аударым жасауға болады, деп хабарлайды Expressnews.kz ақпарат агенттігі.
Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе:
"Қазақстан мен Өзбекстан тұрғындарының арасында бұрыннан бері достық, туыстық, іскерлік және мәдени байланыстар қалыптасқан. Адамдар бір-біріне қонаққа және жұмыс бабымен барып тұрады, сондықтан төлемдер мен аударымдарды жасау қажеттілігі үнемі туындайды. Біздің сүйікті клиенттеріміз үшін біз жаңа қызметті – Uzcard және Humo ұлттық төлем жүйелерінің карталарына аударым жасау мүмкіндігін іске қостық. Бұл – Өзбекстанда ең көп таралған төлем карталары. Екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға өз үлесімізді қосып жатқаныма қуаныштымыз!"
Аударымдар бұрынғыдан да ыңғайлы бола түсті. Тек карта нөмірін енгізу жеткілікті, ал алушының аты автоматты түрде көрсетіледі.
Гарвард бизнес мектебі Kaspi.kz туралы екі оқу материалын жазып шығарды, олар бірнеше жылдан бері магистратура студенттерінің оқу бағдарламасына енген.





