Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
203
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті, - деп хабарлайды Expressnews.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
Жиында армияны жаңғырту және әскери инфрақұрылымды жетілдіру мәселелері қаралған. Сондай-ақ мемлекет басшысы Қарулы күштерді одан әрі дамыту бойынша бірқатар нақты тапсырма берген.
Президент биылғы 12 ақпанда Ресейдің қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сергей Шойгуды қабылдаған болатын. Кездесуде Қазақстан мен Ресейдің түрлі бағыттағы екіжақты серіктестігі және өңірлік қауіпсіздік бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды.





