Зейнетке шыққан қазақстандықтар жұмыс іздеуші ретінде тіркеле алмайды

110

Фото: Ru.freepik.com Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетке шыққан қазақстандықтардың жұмыс істеуді жалғастыруына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды "ExpressNews.kz" ақпарат агенттігі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, елде жұмысын жалғастырып жатқан зейнеткерлердің есебі жүргізілмейді.

“Зейнет жасына жеткен адамдар зейнетақы ала отырып, жұмыс іздеуші ретінде тіркеле алмайды. Сонымен қатар, әлеуметтік кодекстің 99-бабына сәйкес зейнеткерлер жұмыссыз ретінде тіркелмейді. Осыған байланысты жұмыспен қамту органдары зейнет жасына толса да, жұмыс істеп жатқан қазақстандықтарды қадағаламайды”, – делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар