Дженнифер Лопестің сахналық киімін сынаған депутат ашық киінетін әртістермен концерт ұйымдастырған

187

Фото: Sun Events Жақында 1 тамызда өткен концертте Дженнифер Лопестің сахналық киімдерін ашық айтып, сынға алған Астана мәслихатының депутаты Сәуле Самидин тағы талқыға түсті, - деп хабарлайды "Expressnews.kz" ақпарат агенттігі. 

Оның SunEvents агенттігінің бас директоры екені белгілі болды. Компания әртістермен концерттер ұйымдастырады.

Астана мәслихатының сайтында депутат Сәуле Самидиннің өмірбаяны жазылған. Онда әйелдің 2012 жылдан бері "Sun Events" ЖШС құрылтайшысы әрі бас директоры болғаны айтылған.

Sun Events компаниясының сайтында Сәуле Самидин директор ретінде көрсетілген. Оның жетекшілігімен компания әртүрлі деңгейдегі іс-шараларды – үйлену тойлары мен туған күндерден бастап әлемдік жұлдыздардың қатысуымен өтетін қалалық фестивальдерге дейін ұйымдастыратыны атап өтілді.

сауле самидин

Фото: Астана мәслихаты сайты

"Мен өмірді жақсы көремін, мен өмір сүргенді жақсы көремін! Позитивті ойлау – менің өмірлік ұраным", – делінген Сәуле Самидиннің цитатасында.

Sun Events компаниясы "Асқақтай бер Астана", Sound of GAKKU сияқты қалалық концерттерді ұйымдастырды. Онда шақырылған әртістер мен бишілерінің сахналық образдары тым ашық екені байқалады. Олар компанияның сайтындағы "Портфолио" бөлімінде жарияланған.

Соңғы жаңалықтар