Қазақстанда ажырасқан еркектер алимент төлеуге қарсы
Ажырасқан еркектер бұрынғы әйелі мен алимент төлеуге қарсы шығып, WhatsApp мессенджерде топ ашқан. “Masculism_kaz” деп аталатын қауымдастық ресми түрде тіркелмесе де, еркектер топта өз мәселелерін талқылап, кеңес беріп, заңгерден кеңес алады, - деп хабарлайды "Expressnews.kz" ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.
Бұрынғы әйелдерінен зәбір көргенін мойындағысы келмеген топ мүшелері құқықтары тапталып жатқанына айтады. Олардың сөзінше, бұрынғы әйелдері балаларымен көрісуге рұқсат бермейді, жүргізуші куәлігін қолдана алмайды, сондай-ақ алимент те әділетсіз есептеліп жатыр дейді.Мысалы, егер борышкер жұмыс істесе, оның қарызы орташа республикалық жалақыға сәйкес есептеледі.
Заң өкілі мұндай жағдайда клиенттеріне алимент төлегені туралы дәлел жинап, тағылған айып бойынша сотқа шағым түсіруге кеңес береді. Сондай-ақ еркектер кәмелетке толмағандар істері жөніндегі соттың көп жағдайда баланы анасына қалдыратынына наразы. Айтуынша, бұрынғы әйелдері балаларын әкелеріне қарсы қойып, араластырмайды.
Сот орындаушылары ер адамның қайда жұмыс істейтінін, қанша жалақы алатынын мемлекеттік деректер базасынан көріп отырады. Олар байланыс кестесі бойынша сот шешімінің орындалуын бақылауы керек. Бірақ ер адамдардың айтуынша, олар көбіне әйелдерге жақтасады.
Сот орындаушысының айтуынша, осындай түсіндірме жұмыстарынан кейін ата-аналар ақылға келіп, келісім жасайды. Ал келісімге келе алмағандар өз құқығын қорғаймын деп топқа қосылады. Топта күйеулерін бұрынғы әйелінің арыз-шағымынан қорғайтын қыз-келіншектер де бар.





