Қазалыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында серпінді сенбілік өтті

1 455

Фото: Қазалы адан әкімдігі Қазалы ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында кезекті жалпыхалықтық сенбілік өтті. Тазалық шарасына мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорын қызметкерлері, «Жасыл ел» еңбек жасағының жастары және аудан тұрғындары белсенді қатысты, - деп хабарлайды "Expressnews.kz" ақпарат агенттігі.


Сенбілік барысында аудан орталығы мен барлық ауылдық округтерде қоқыс тазартылып, шөптер шабылып, аяқ су арналары ретке келтірілді. Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов, аудан прокуроры Мадияр Бекпанов және аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұрлан Ибраев тазалық жұмыстарының барысымен танысып, кенттің санитарлық жағдайын жақсарту бағытындағы бірлескен жұмыстарды талқылады.


Жалпы сенбілікке 148 мекемеден 1 856 адам мен 17 арнайы техника жұмылдырылып, полигондарға 18,2 тонна тұрмыстық қалдық шығарылды.