Қазалыда тазалық жұмыстары сенбі күні жалғасын табуда
2 506
Әйтеке би кентіндегі Желтоқсан, Т. Бокин, Төремұрат жырау және М. Ғабдуллин көшелерінде арнайы жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, аумақтар тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, қураған және ретсіз өскен шөптер шабылды.
Іс-шараға аудан бойынша 135 мекеменің 1346 қызметкері қатысып, тазалық жұмыстарына 14 арнайы техника тартылды. Нәтижесінде 13,5 тонна қоқыс арнайы полигондарға шығарылды.
Сенбілік барысын аудан әкімі Алмасбек Есмаханов аралап, атқарылған жұмыстардың жай-күйін көрді. Аудан басшысы жауапты мекеме жетекшілеріне елді мекендердің санитарлық жағдайын тұрақты назарда ұстап, тазалық пен абаттандыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуді тапсырды.
«Таза Қазақстан» бастамасының негізгі мақсаты – тазалықты науқандық шара деңгейінде қалдырмай, оны тұрғындардың күнделікті әдетіне айналдыру. Туған өлкенің көркеюі мен қоршаған ортаның тазалығы – әр азаматтың ортақ міндеті.





