«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстары жүргізілді

1 902
Фото: Сырдария аудан әкімдігі «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аудан көлемінде кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылып, аудан орталығы мен барлық елді мекендерде санитарлық тазарту және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Экологиялық бастамаға аудандағы меншік түріне қарамастан барлық мекемелер мен ұйымдар, коммуналдық сала қызметкерлері, жастар және белсенді тұрғындар жұмыла атсалысты, - деп хабаолайды "Expressnews.kz" ақпарат агенттігі.
 
Сенбілік барысында мекеме қызметкерлері өздеріне бекітілген көшелер мен қоғамдық орындарда тазалық жұмыстарын жүргізіп, айналаны күл-қоқыстан тазартты. Сонымен қатар, жол жиектері ретке келтіріліп, арық-атыздар тазаланды, ағаш түптері әктеліп, көгалдандыру және көркейту жұмыстары қолға алынды. Аула аумақтары мен әлеуметтік нысандардың айналасы тазартылып, қоршаған ортаның эстетикалық келбетін жақсартуға баса мән берілді.
 
Экологиялық акция аясындағы тазалық шаралары ауданның санитарлық жағдайын жақсартумен қатар, тұрғындар арасында қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыруға бағытталды. Туған жердің тазалығы мен көркеюі – әрбір азаматтың ортақ міндеті екені кеңінен насихатталды.
 
Сенбілікке қатысушылар табиғатты қорғау мен тазалық мәдениетін қалыптастыру бағытындағы мұндай шаралардың маңызы зор екенін атап өтіп, ауданның көркеюіне өз үлестерін қосты. Ұйымшылдықпен өткен тазалық жұмыстары барысында бірқатар аумақтар толық тазартылып, елді мекендердің келбеті жаңара түсті.
 
Айта кету керек, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы санитарлық тазарту және абаттандыру жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады. Осыған байланысты аудан тұрғындарын тазалық шараларына белсенді қатысып, қоршаған ортаны таза ұстауға, қоғамдық орындарда тазалық мәдениетін сақтауға шақырамыз. Таза орта – денсаулық кепілі әрі келер ұрпаққа қалдырар ең үлкен құндылықтардың бірі.