Қазалылық мемлекеттік қызметшілер жүлделі орынды иеленді
2 114
Қызылорда қаласында жергілікті атқарушы органдар арасында өтіп жатқан дәстүрлі облыстық спартакиадада Қазалы ауданының волейбол құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, командалық есепте ІІ орынды иеленді, - деп хабарлайды "Expressnews.kz" ақпарат агенттігі.
Бұл жетістік – аудан намысын абыроймен қорғаған спортсүйер мемлекеттік қызметшілердің ауызбіршілігі мен қажырлы еңбегінің жемісі.
Жүлдегерлерімізді шын жүректен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда толағай табыс, жаңа жетістіктер мен жеңісті күндер тілейміз!





