"Пышақтап, тістеріне дейін сындырған": 18 жастағы тараздық жігіттің анасы әділдік іздейді

189

Фото: Almaty.tv Тараз тұрғыны Аңсагүл Қасымова 18 жастағы ұлының бәзбіреулер тарапынан аяусыз ұрып, пышақталғанын айтты. Анасы әділдік іздеп, ұлының өліміне себепкерлердің жазаланбағанын жеткізді, деп хабарлайды "Expressnews.kz" ақпарат агенттігі.

18 жастағы Нұржігіт Жолшыбекті әлдекімдер пышақтап кеткен. Анасының айтуынша, жұмыстан қайтып келе жатқан ұлына бұзақылар шабуыл жасаған. Олар өзара араздасқан азаматтардың кегін Нұржігіттен қайтарған.

"Белгісіз бесеуі басқа бір жәбірленушімен ұрысып, кейін 3 досын жинап, пышақпен барған. Менің баламды танымаса да пышақтап тастаған", - деді Аңсагүл Қасымова.


Анасы ұлының өліміне қатысты іс баяу жүріп, бұрмаланып жатқанын айтты. Нұржігітті пышақтаған сәті анық түсірілген бейне бар, бірақ ол тергеуге тіркелмеген.

"23 камера бар, бірақ тергеуші видеоны тіркемеген", - деді марқұмның анасы.


18 жастағы жігіттің өліміне қатысты істі Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық соты қараған. Бұзақылардың бірі 20 жылға, қалған төртеуі 3,5 жылға сотталды. Бірақ үкім әлі заңды күшіне енбеген, себебі аппеляциялық шағым берілген.

"Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Апелляциялық шағымдар түскен, іс Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында қаралып жатыр", - деді Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.


Марқұмның анасы алғашқы сотта әділ шешім шыққанын, бірақ іс қайта қаралса, кінәлілер жазадан оңай құтылып кетпей ме деп алаңдайды.

Соңғы жаңалықтар