Қызылордада иісшіл иттердің көмегімен 139 қылмыс ашылды
291
Жыл басынан бері Қызылорда облысында қызметтік іздестіру иттері 139 қылмыстың ашылуына септігін тигізген, - деп хабарлайды "Expressnews.kz" ақпарат агенттігі.
Есірткі қылмысына қарсы жедел іс-шаралар нәтижесінде 68 қылмыстық құқықбұзушылық анықталды. Иісшіл иттердің көмегімен ұрлық-қарлық және тағы басқа 33 қылмысты ашу мүмкін болды.
"Одорологиялық зерттеулерге 28 рет қатыстырылып, 14 дәлелді іріктеу нәтижесі тіркелді. Жарылғыш заттарды іздеу бағытында 73 тексеру жүргізілді. Нәтижесінде жарылғыш заттар анықталған жоқ. Сонымен қатар 1 маусым мен 30 қазан аралығында «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында бүгінге дейін қызметтік иттердің көмегімен есірткіге қатысты 15 қылмыстық құқықбұзушылық анықталды. 92,98 грамм марихуана мен 4,87 грамм гашиш айналымнан алынды", — делінген хабарламада.





