Қазалыда құрылысшылар күні аталып өтті

2 148
Фото: Қазалы аудан әкімдігі Қазалы ауданында тамыз айының екінші жексенбісі – Құрылысшылар күніне арналған мерекелік шара өтті. Жиынға құрылыс саласының ардагерлері, сала мамандары мен еңбек адамдары қатысты, - деп хабарлайды "Expressnews.kz" ақпарат агенттігі.
 
Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов құрылысшыларды кәсіби мерекесімен құттықтап, олардың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін атап өтті.
 
Биыл Қазалы ауданындағы құрылыс жұмыстарының көлемі 7,2 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 119,2 пайызға өскен. Бірқатар елді мекендерде спорт кешендері, мәдени-демалыс нысандары, жаяу жүргіншілер көпірі салынып, Қазалы теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтті.
 
Мерекелік шарада салада ұзақ жыл еңбек еткен азаматтар марапатталды. «Құрметті құрылысшы» төсбелгісі «KZ Сапа Құрылыс» ЖШС директоры Марат Ниязовқа табысталса, ардагер Бисенов Жоямерген ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
 
Сала ардагерлеріне арнайы сыйлықтар табысталып, мерекелік жиын аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.