Әнші Еркін Нұржанов отбасындағы қуанышты жаңалықты бөлісті

1 499

Фото: instagram.com/_erkin_dinara Танымал әнші Еркін Нұржанов қасиетті Рамазан айында бесінші рет әке атанып, қуанышты жаңалығын көпшілікпен бөлісті , - деп хабарлайды "Expressnews.kz" ақпарат агенттігі.

Өнер иесінің айтуынша, 20 ақпан күні отбасында қыз бала дүниеге келген. Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышын жыр жолдары арқылы жеткізіп, елден сүйінші сұрады.

“Аллаға сансыз шүкір, асыл сыйға қол жетті. Жақсылар, сүйінші сұраймын — Рамазанның алғашқы жұмасында қызды болдым”, — деп жазды ол.

Желі қолданушылары әншіге ақ тілектерін жаудырып, сәбидің өмірі ұзақ болуын тіледі.

Айта кетейік, жаңа туған нәрестеден бөлек, Еркін Нұржанов пен жұбайы Динара екі ұл мен екі қыз тәрбиелеп отыр. Осылайша, өнерлі отбасы бес баланың ата-анасы атанды.