Дженнифер Лопестің концертіне байланысты қай көшелер жабылады

190

Фото: www.instagram.com/jlo/ Осы жексенбі – 10 тамызда Алматыда әлемдік деңгейдегі поп-жұлдыз Дженнифер Лопестің концерті өтеді. Тұрғындарға кей жолдар жабылатыны ескертіліп жатыр, - деп хабарлайды "Expressnews.kz" ақпарат агенттігі.

Полицияның мәліметінше, көшелердегі қозғалысқа шектеу сағат 16:00-ден бастап енгізіледі.

Автокөліктер үшін келесі үш аумақ жабылады:

  • Байтұрсынов көшесі – Шевченко көшесінен Тимирязев көшесіне дейін;
  • Сәтбаев көшесі – Сейфуллин даңғылынан Байзақов көшесіне дейін;
  • Абай даңғылы – Сейфуллин даңғылынан Мұқанов көшесіне дейін.


    Күні кеше әкімдік өкілдері концертке қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 3 мыңға жуық полиция қызметкері, әскери қызметкерлер, жеке күзет органдарының қызметкерлері мен еріктілер тартылатынын хабарлады.

Стадион аумағы әрқайсысы 2-3 мың адамға арналған төрт негізгі фан-аймаққа бөлінеді. Ал стадион периметрі бойынша 100-ге жуық қосымша биодәретхана орнатылады. Сонымен қатар ауданда жедел жәрдем және өрт сөндіру көліктері кезекшілікте болатыны белгілі болды.

Әкімдік қонақтарға ыңғайлы болу үшін Абай, Сәтбаев және Байтұрсынов көшелерінің бойымен арнайы бағыттар бойынша 50 автобус қатынайтынын айтып сендірді.

Соңғы жаңалықтар