ҰҚК көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиевтің ұсталғанын растады
151
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиевті пара алды деген күдікпен ұстады, - деп хабарлайды "Expressnews.kz" ақпарат агенттігі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызмет Сәтжан Аблалиевті сот санкциясымен қамауға алды.
“Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды”, – деп мәлімдеді Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Еске салайық, бұған дейін БАҚ көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев ұсталғанын жарыса жазған еді.





