Ұлттық бірыңғай тестілеуде жасанды интеллект қолданылады
Ғылым және жоғары білім министрлігі биылдан бастап ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу кезінде жасанды интеллектінің көмегіне жүгінбек, - деп хабарлайды Expressnews.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету департаментінің директоры Нұрсұлтан Махатов мәлім етті.
Спикердің мәлімдеуінше, бүгінде елімізде 20 жоғары оқу орны базасында жасанды интеллект бойынша 20 білім беру бағдарламасы енгізілді, аталған бағдарлама бойынша 2 196 магистрант пен докторант оқып жатыр.
Атап айтқанда:
— 2025 жылы ҰБТ өткізудің нормативтік ережелері, статистикалық ақпарат, грантқа түсу кезіндегі сұрақтар бойынша консультативтік «AI Talapker» чат-ботын іске қосу;
— ҰБТ тапсыру кезінде академиялық адалдықты арттыруда ЖИ қолдану;
— Сондай-ақ ҰБТ үшін тест тапсырмаларын әзірлеу үшін ЖИ енгізу.





