Пара биатлоннан қазақстандық Әлем кубогы жеңімпазы атанды

102

Фото: instagram.com/csp_parasport.kz Швецияның Турсбю қаласында өткен IBU пара биатлоннан әлем кубогы кезеңінде қазақстандық Ербол Хамитов жеңіске жетті, деп хабарлайды "Expressnews.kz" ақпарат агенттігі.

Ербол Хамитов 7,5 шақырымға спринт жарысында 19:38.0 уақыт нәтижесімен мәре сызығын бірінші болып қиды. 

2024 жылы ол Канададағы әлем чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізді, Әлем кубогы кезеңдерінде бірнеше мәрте жүлделі орындарға ие болды.

Сондай-ақ ол биыл ақпан айында Словенияның Поклюка қаласында өткен әлем чемпионатында алтын алды. Ербол Хамитов 12,5 шақырымдық жекелей сында жоғары нәтиже көрсетті.


Соңғы жаңалықтар