Биыл 300 мыңға жуық адам спортпен айналыса бастаған

282

Фото: Pixabay.com Өткен жылдың қорытындысы бойынша дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде 8,5 миллионға жуық адам айналысады, - деп хабарлайды "Expressnews.kz" ақпарат агенттігі.

. Бұл — жалпы халықтың 41,4%-ы. Оның ішінде:

• 6 021 117 адам (72%) — ерлер;
• 2 385 096 адам (28%) — әйелдер;
• 3 миллионға жуық адам ауылдық жерлерде спортпен тұрақты шұғылданады.

"Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 300 мыңнан астам адамға артқан. Министрліктің негізгі мақсаты — 2029 жылға қарай спортпен шұғылданушылар үлесін 50%-ға жеткізу. Балалар спорты — басты басымдықтардың бірі. Биыл мемлекеттік спорт тапсырысын орындау үшін жергілікті бюджеттен 50 млрд теңге бөлініп, 7 мыңнан астам спорт секциясы ашылды. Соның нәтижесінде 240 мыңнан астам бала тегін спорттық үйірмелерге қатысу мүмкіндігіне ие болды", — делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар