Қазақстандық спортшылар Дүниежүзілік ойындарға қатысады
186
Дүбірлі дода Қытайдың Чэнду қаласында 8-17 тамыз аралығында өтеді, - деп хабарлайды "Expressnews.kz" ақпарат агенттігі.
Биыл жарыс 34 спорт түрінен өтіп, 253 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Айтулы додаға 17 тамызға дейін 114 елден 4000 спортшы қатыспақ.
Қазақстан сапынан биыл 8 спорт түрінен рекордтық 31 спортшы сынға түседі. Олар WKF каратэ, муайтай, джиу-джитсу, самбо (спорттық және жауынгерлік), құзға өрмелеу, садақ ату, спорттық акробатика және ушу спортынан жүлделерді сарапқа салады.





