Ерекше баласы бар ата-аналар грант өтеуден босатылады
105
Енді ерекше қажеттілігі бар балалардың ата-аналары грантты өтеуден босатылмақ, - деп хабарлайды Expressnews.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және білім беру мәселелері жөніндегі түзетулерде университет түлектерін қолдау шаралары ұсынылады.
- Мемлекеттік жәрдемақы алатын, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған, сондай-ақ І топтағы мүгедек адамды бағып отырған жоғары оқу орындарының түлектерін оқуға арналған мемлекеттік грантты міндетті түрде өтеуден босату ұсынылады;
- шетелдік жоғары оқу орындарының резидентура, магистратура, аспирантура және докторантура бағдарламаларын аяқтаған тұлғаларға міндетті еңбек өтеуді кейінге шегеру мүмкіндігі беріледі.





