ҰБТ: түлектер көбіне қай пәнді таңдаған

102

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы наурыз айындағы ҰБТ-ның аралық қорытындыларын ұсынды, - деп хабаралайды Expressnews.kz ақпарат агенттігі.


Наурыз айындағы ҰБТ басталғалы бері 88 мыңға жуық адам тест тапсырды.

Оның ішінде: 
талапкерлердің 72%-ға жуығы шекті балл жинады;
орташа балл — 65 балл (бес пән бойынша);
ең жоғары балл — 139 балл;
ерекше білім беру қажеттілігі бар 232 талапкер қатысты.

Ереже бұзғаны үшін 121 адамның нәтижесі жойылды. 

тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 43 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды; 
тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 55 адам шығарылды;
бейнежазбаларды қайта қарау нәтижесінде 23 адамның нәтижесі жойылды;
бөгде тұлғалар анықталған жоқ.

"Қатысушылардың 18,1%-ы «Математика-Физика» комбинациясын, 14,8%-ы «Биология-Химия», 12,6%-ы «Шығармашылық емтихан» комбинациясын таңдаған", — делінген Ұлттық тестілеу орталығы хабарламасында.



Соңғы жаңалықтар