Жарқанаттан жұғатын жаңа коронавирус туралы ресми ақпарат жоқ — ДСМ
107
Денсаулық сақтау министрлігі ЖРВИ мен тұмауға қарсы профилактика шараларын сақтауды ұсынды, - деп хабарлайды Expressnews.kz ақпарат агенттігі.
Фото: Pixabay
Ағымдағы эпидемиологиялық маусымның басынан бастап республикада ЖРВИ-дің 3,1 млн жағдайы тіркелді, бұл — өткен маусымның ұқсас кезеңіне қарағанда 20%-ға аз. Осы эпидемиологиялық маусымда зертханалық расталған тұмаудың 2 370 жағдайы тіркелді, бұл өткен эпидемиологиялық маусымның деңгейіне сәйкес келеді. Тұмауға қарсы 2,3 млн астам адам (11,6%) егілді. ДДҰ ұсынысы — 10%, — делінген ведомство хабарламасында.
Министрлік аурудың алдын алу үшін келесі профилактика шараларын сақтауды ұсынады:
адамдар көп жиналатын орындарға, әсіресе жабық үй-жайларға баруды шектеу;
үй-жайларды үнемі желдету;
қолды тазалау үшін антисептиктерді немесе дезинфекциялық майлықтарды пайдалану;
науқас адамдармен байланысты шектеу, олардың оқшаулануын қамтамасыз ету.
Коронавирустық инфекция бойынша елдегі жағдай да тұрақты. Жыл басынан бері елде КВИ-дің 116 жағдайы тіркелді, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 8 есеге төмендеді. Өлім жағдайлары жоқ. Соңғы мониторинг деректері бойынша омикрон кіші нұсқасының айналымы анықталған, — деп хабарлады министрліктен.





