Дәрігер аспиринді ең қауіпті дәрілердің бірі деп атады
252
Ресейлік дәрігер Александр Мясников аспиринді ең қауіпті дәрілердің бірі деп атады, - деп хабарлайды "Expressnews.kz" ақпарат агенттігі.
Бұл туралы дәрігер ресейлік телеарналардың біріне берген сұхбатында айтқан.
"Бүгінде ең көп адам өліміне себеп болып отырған ең қауіпті дәрі қандай? Ресейде? Аспирин", – дейді дәрігер.
Мясниковтың айтуынша, басқа елдерде дәрігерлер адамның өміріне қауіп төндіретін тамырлардың тарылу жағдайы болмаса, аспирин тағайындауды тоқтатқан. Дәрігер аспириннің қан сұйылтатын қасиеті салдарынан миға қан құйылу мен күшті қан кетулерге әкеп соғуы мүмкін екенін атап өтті.





