Трамп Ақ үйде ауызашар берді
111
АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде ауызашар беріп, мұсылмандарға арнап сөз сөйледі, - деп хабарлайды Expressnews.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ABC News жариялаған болатын.
Басылымның хабарлауынша, Ақ үйдегі ауызашар 27 наурыз, бейсенбіде өтті. Трамп ауызашар кезінде президент сайлауында өзін қолдаған "жүз мыңдаған америкалық мұсылманға" алғысын білдірді.
"Мұсылман қауымы қарашада бізбен бірге болды - мен президент болып тұрған кезде сіздермен біргемін. Сіздер мұны білесіздер деп ойлаймын", - деді Трамп.
Таяу Шығыстағы жағдай туралы айта келе Трамп президент әкімшілігі "Таяу Шығыста ұзақ мерзімді бейбітшілікке жету үшін тарихи келісімдерге сүйене отырып, тынымсыз дипломатиямен айналысып жатқанын" атап өтті.
"Біздің бар қалауымыз – бейбітшілік", - деді Ақ үй басшысы.
Сонымен қатар Трамп оның мақсаты – барлығына жарқын болашақ сыйлау екенін айтты.
"Ақ үйде сіздерді жақсы көретін адам бар", - деді ол.





