Тоқаев АҚШ елшісін қабылдады

1 044
Фото: akorda.kz Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули Стаффтты қабылдады, - деп хабарлайды "Expressnews.kz" ақпарат агенттігі.
Президент Қазақстан мен Американың жоғары деңгейдегі қарқынды саяси диалогы екіжақты және көпжақты форматтағы сан қырлы ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізіп келе жатқанына тоқталды.
 
“Кездесу барысында сауда-экономика, инвестиция салаларындағы маңызды уағдаластықтарды жүзеге асыру барысы талқыланды. Нақты нәтижеге қол жеткізу үшін екі елдің салалық ведомстволары деңгейінде тығыз қарым-қатынасты жалғастыру қажеттігі айтылды”, – делінген Ақорда хабарламасында.