Депутат Бақытжан Базарбек: "Өз басым 20 миллионға татитын жұмыс атқарамын"
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек өзінің атқарып жүрген жұмысын 20 миллион теңгеге бағалады, - деп хабарлайды "Expressnews.kz" ақпарат агенттігі.
Үкімет үйінде президент Жолдауынан кейін кулуарда жиналған журналистер депутаттардан бір палаталы Парламент құру жайлы пікірлерін білді. Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек бұл реформадан тек артықшылық көретінін жеткізді.
Қазір мәжілісте – 98, сенатта – 50 депутат бар. Журналистер депутаттан “президент ұсынған бір палаталы парламентте болашақта қанша депутат болуы мүмкін” деген сұрақ қойды. Бақытжан Базарбек жаңа парламентте 120-130 депутат болуы ықтимал деген болжам жасады.
Депутат артылған қаржы есебінен парламент мүшелерінің жалақысын көтеруге қатысты пікір білдірді. Алайда ол бұл сауалға тек өз басына қатысты жауап берді.





