Көпір құрылысы – бақылауда
2 106
Сырдария арқылы өтетін Қарлан көпірінің құрылысына 6,7 млрд теңгеден астам қаржы қаралған. Бүгінде 84 свай қағылып, 8 тіреудің 7-еуі орнатылған. Нысанда 30 арнайы техника мен 80 жұмысшы еңбек етуде. Мердігер – «Нұрлы Тау ЛТД» ЖШС.
Сондай-ақ аудан басшысы Қожабақы маңындағы 1975 жылы салынған, техникалық жағдайы апатты деп танылған көпірдің орнына салынып жатқан жаңа нысанды көрді. Құны 382,7 млн теңгені құрайтын көпірдің ұзындығы 21,6 метр, ені 7 метр болады. Құрылыс жұмыстарын «Гүлнұр МК» ЖШС жүргізуде.
Аудан әкімі мердігерлерге жұмыстарды сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды, жобалық талаптар мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды тапсырды. Жаңа көпірлер елді мекендер арасындағы қатынасты жақсартып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.





