Айдана Ғазизқызы пара дзюдодан әлем кубогының жеңімпазы атанды

94

Фото: Пара дзюдо федерациясы Грузия астанасы Тбилисиде көру қабілеті зақымдалған спортшылар арасында пара дзюдодан әлем кубогы жарысы мәресіне жетті, - деп хабарлайды  Expressnews.kz ақпарат агенттігі.


Әлемдік додада қазақстандық Айдана Ғазизқызы J2 санаты бойынша 70 келіден жоғары салмақта қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанды.

Осылайша, ол Қазақстан қоржынына үшінші алтынды салды.

Сонымен қатар J1 санаты бойынша 95 келіден жоғары салмақта Бағланбек Оналбек күміс алса, Ерлан Өтепов қоланы олжалады.

Қазақстан құрамасы турнирді 3 алтын, 2 күміс, 1 қола медальмен аяқтап, жалпы есепте төртінші орынға табан тіреді.

Соңғы жаңалықтар