Жанқош Тұраровтың қарсыласы анықталды
185
IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың бұған дейін шаршы алаңға қайта оралатыны белгілі болды, - деп хабарлайды "Expressnews.kz" ақпарат агенттігі.
Боксшының қарсыласы да анықталды. Ол филиппиндік Али Канегаға қарсы жұдырықтасады.
Али Канега мансабында барлығы 15 жекпе-жек өткізіп, оның 12-де жеңіске жетіп, екеуінде жеңілген. Ал бір рет тең нәтиже тіркеген.
Бұл бокс кеші 5 қыркүйекте Алматы қаласында Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді.





